Жемқорлыққа қарсы хартия

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АРНАЙЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ СЫБАЙЛАС

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАРТИЯСЫ

 “Тұтастық сағаты”

 

Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы мемлекеттік дамуының жаңа кезеңі – «ҚАЗАҚСТАН 2050» стратегиясы білім жүйесінің бар қызметінің стратегиялық бағытына айналды.

Қазіргі таңда білім әлеуметтік және гуманитарлық дамудың таптырмайтын факторы және өз азаматтарына жаңа мыңжылдықтың сын-тегеуріндеріне құндылықтардың жинақтылығымен, жалпы әлеуметтік және мәдени өсімнің қатыстылығы түсінігімен  қарсы тұруға қажетті ақпарды беруге қабілетті Қазақстан азаматтығын біріктіретін және байытатын қажетті құрамдас бөлігі ретінде кеңінен танылуда.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты жастардың толыққанды рухани, білімдік, кәсіби және тән дамуына қолайлы жағдай жасауды, табысты әлеуметтенуін және олардың әлеуетін еліміздің одан әрі дамуына жұмсауын өзіне басты мақсат санайды.

Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық дегеніміз – білімге қолжетімділіктің сапасы мен әділеттілігіне мейлінше теріс әсер ететін жеке пайда табу үшін өз қызметтік бабын пайдалану болып табылады.

 

ІРГЕЛІ ҚАҒИДАТТАР

Арнайы отра білім беру мекемелерінде оқыту процессі тәрбие процессі кешенінен – ұлттық мәдениеттің, дәстүрдің және құндылықтардың негізінде қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу, жастар бойында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын, өзіндік және жақындары, отбасысы үшін әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыру, дәстүрлі отбасы , заңдарға құрмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, өзге тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысын және абыройын құрметтеу секілді құндылықтарды дамытудан ажырамауы тиіс.  Студенттерді зияткерлік адалдыққа үйретуіміз қажет.

Арнайы отра білім беру мекемелерінде білім және ғылыми-зерттеу орталығына айналуы тиіс. Оқытушылар өз жұмысында құрмет және табындылықты, студент мәртебесін мойындауды, білім саласында сыбайлас жемқорлық және өзге де құқықбұзушылықтар үшін жеке жауаптылықты арттыруды таныта отыра, терең білімге ие болуға және оны үйренушілерге жеткізудің барлық инновациялық нысандарын меңгеруге міндетті.

Білім жүйесін реформалаудың барлық кезеңдерінде табандылық және тәуелсіздік негізінде меншік нысанына қарамастан барлық Арнайы отра білім беру мекемелерінде бақылау-тексеріс, лицензиялау, аккредитациялау және басқа да шаралардың қорытындылары мен нәтижелерін жариялау қажет.

Жаңа заманның нақты критерийлеріне сәйкес білім сапасы параметрлерін жетілдіру қажет.

 

МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті таныта отыра, әрбір Арнайы отра білім беру мекемесі білім беру процессі міндеттерінің орындалуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының жүзеге асырылуына өз үлесін қосады.

Хартиямен лауазымына қарамастан әрбір қызметкердің және білім беру процессінің міндетті қатысушысы ретінде студенттің жүріс-тұрыс моделі белгіленеді. Жүріс-тұрыс моделі оның ағзалық бөлігі болып табылатын саяси-құқықтық,  адамгершілік-эстетикалық мәдениеті мен оқыту-тәрбиелік процессін жүзеге асыруда корпоративтік қағидадан тұрады.

Хартияның мақсаттары:

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;

– мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуына жастарды және жастар ұйымдарын тарту;

– білім жүйесінде тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардың қабылдануы мен нығайтылуына ықпал ету;

– сыбайлас жемқорлықтың ескертілуіне, соның ішінде сыбайлас жемқорлық жүріс-тұрысқа  жағдай туғызушы себептер мен алғышарттарды анықтау бойынша шараларға заң аясында қолдау көрсету;

– адалдықты, сатылмаушылықты және тиісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрысты көтермелеу болып табылады.

Хартияның міндеттері:

– сыбайлас жемқорлықтан азаматтар мен қоғам құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;

– арнайы отра білім субъектерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным және жүріс-тұрыстың қалыптастыру және дамыту;

-сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен жағдайларын кеміту мақсатында оқыту-тәрбиелеу, ғылыми және ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметте тиімділік пен нәтижелілікті арттыру;

– сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға қатысты тұлғаларды анықтау, олардың жолын кесу және қатаң жауапкершілікке тарту;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандарын, әдістерін және құралдарын оңтайландыру;

– мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына арнайы отра білім субъектілерінің қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation